Ресми интернет-ресурсы
«Ақмола облысының
дін істері басқармасы»
Мемлекеттік мекемеcі

Басшы блогы
e-islam.kz

;«ГОРЯЧАЯ

anticorruprion.gov.kz

Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңесі туралы ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Облыс әкiмдігiнiң жанындағы дiни бiрлестiктермен байланыс жөнiндегi Кеңес (әpi қарай Кеңес) - облыс әкiмдігiнiң жанындағы консультативтiк-кеңестiк орган болып табылады.
  2. Кеңес өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Өкiметiнiң актілерін, және басқа да нормативтік-құқықтық актілер мен осы Ереженi басшылыққа алады.
  3. Кеңес өз жұмысын облыстық мемлекеттік органдармен, діни және басқа да қоғамдық бірлестіктермен, сонымен қатар республикалық ұйымдармен бірлесе отырып жүзеге асырады.

 

  1. Кеңестің міндеттері және атқаратын жұмыстары

 

  1. Кеңестің негізгі міндеттері:

1) облыста діннің даму жағдайын қорытындылау, сараптау және жан-жақты дәйекті түрде зерттеу;

2) облыста дінге сену еркіндігі туралы заңдардың сақталуы және діннің даму жағдайы туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына ақпарат 6epіп отыру;

3) діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі аудандық пен қалалық Кеңестердің жұмыстарын үйлестіру;

4) діні бірлестіктер арасындағы өзара келісім мен сыйластықты нығайту және оларға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес консультативтік көмек көрсетіп отыру.

  1. Кеңестер өздеріне жүктелген міндеттерге және заңда белгіленген тәртіптерге сәйкес төмендегі жұмыстарды жүзеге асырады:

1) азаматтардың діни сенім еркіндігі құқықтарын және діни бірлестіктермен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету бойынша облыстағы мемлекеттік саясаттың бағыттарының негізгі құрылуында қатысады;

2) азаматтардың діни сенім бостандық құқықтарын әсер ететін заңнаманың жетілдірілуі бойынша ұсыныстар әзірленеді;

3) азаматтардың дінге сену еркіндігі құқықтарын қамтамасыз ету бойынша облыстағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша консультативтік жұмыстар жүргізеді.

      

 

  1. Кеңестің құқықтары

 

  1. Кеңес өзінің құзыреті ішінде құқылы:

1) Кеңестің міндеттеріне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, діни ұйымдар мен жеке адамдардан ақпарат талап ету;

2)  Кеңес мәжілісіне Кеңес құзырына кіретін мәселелер бойынша органдар мен ұйымдар өкілдерін шақыру;

3) Кеңес міндеттеріне қатысты мәселелер бойынша нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;

4) жергілікті мемлекеттік органдардың Кеңес құзырына қатысты мәселелері бойынша ақпараттық дерекқорын пайдалану.

 

 

  1. Кеңес жұмыстарын ұйымдастыру

 

  1. Кеңесті торағасы (әкім немесе облыс әкімдерінің бірі) басқарады. Кеңес төрағасы болмаған жағдайда оның қызметін төрағаның орынбасары атқарады. Кеңес төрағасы оның қызметін басқарады, мәжілістерге төрағалық етеді, жұмыс жоспарлайды, шешімдерді жүзеге асыруға жалпы бақылауды жүзеге асырады.
  2. Кеңес мәжілістері кем дегенде жарты жылда бір рет өткізіледі. Кеңестің кезектен тыс мәжілісін оның төрағасы өз еркімен немесе Кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен бірінің талабы бойынша шақырылады.
  3. Кеңес мәжілісі оған кеңес мүшелерінің екіден үш бөлiгi қатысқан жағдайда ғана заңды деп саналады. Кеңес шешімі жиналысқа қатысқан Кеңес мүшелерінің көп дауысымен Қабылданады. Дауыс тең   болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші роль атқарады.
  4. Мәселелерді қарастырып, мәжілісті дайындау және Кеңес жұмысына сараптама жасау үшін жұмыс тобы құрылады, оны Кеңес мүшелерінің, бipi басқарады.
  5. Кеңестің жұмыс орны жұмысты ұйымдастыруды, тиісті құжаттарды дайындауды және Кеңес мәжілістерінің хаттамаларын ресімдеуді жүзеге асыратын Ақмола облысының Әділет департаменті болып табылады. Мәжіліс материалдары Кеңес мүшелеріне кеңес өткізілетін күннен кем дегенде 3 күн бұрын жолданады.
  6. Аудандық, қалалық әкімдіктер жанындағы кеңестің жұмыс органы болып аудандық, қалалық ішкі саясат бөлімдері болып табылады.
  7. Кеңес алдыңғы қатарлы конфессиялардың басшыларынан, дін танушы ғалымдардан, мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлерінен, қоғамдық өкілдерден құралады. Кеңес мүшелері қоғамдық жұмысты тегін атқарады.
  8. Кеңес құзырына қатысты қажетті материалдар дайындау үшін ұйымдар, сондай-ақ ғалымдар мен жоғары білікті мамандар тартылуы мүмкін.
  9. Кеңестің шешімі хаттамамен рәсімделеді және ұсынысты сипатта болады.

 

  1. Кеңестің жұмысын тоқтату тәртібі

 

  1.  Кеңес өз жұмысын облыс әкімдігінің қаулысымен тоқтатады.

Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен

байланыс жөніндегі кеңестің құрамы

 

1.

Кулагин Сергей Витальевич

Ақмола облысының әкімі, Кеңес төрағасы    

2.

Нуркенов Нурлан Жанбыршиулы

Ақмола облысы әкімінің орынбасары,

Кеңес төрағасының орынбасары                                                                  

 

3.

Ибраева Сауле Лукмановна

Ақмола облысының дін істері                                                    басқармасының басшысы, Кеңес төрағасының орынбасары

4.

Бессмертная Галина Васильевна

Ақмола облысының дін істері                                                    басқармасының бас маманы, Кеңес хатшысы

5.

Дюсенов Арсений Кенесулы

«Қазақстан» РТРК акционерлік қоғамы                                                                           Ақмола облыстық филиалының директоры (келісім бойынша)

6.

Айбабин

Архат Габитович

Ақмола облысы әкімінің аппараты қоғамдық-саяси жұмысы бөлімінің басшысы  

7.

Алшимбаев

Канат Мухангалиевич

 «Насихат» қоғамдық бірлестіктін директоры (келісім бойынша)

8.

Галлямов Ринат Фаатович

 

Ақмола облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы

9.

Дермановский

Анатолий Иванович

Ақмола облысы әділет департаментінің басшысы (келісім бойынша)

10.

Ережепов

Жанат Малгаждарович

Ақмола облысы қорғаныс істері        департаментінің бастығы (келісім бойынша)

11.

Жайыкбаев

Ерлаз Мухтарович

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары (келісім бойынша)

12.

Избасарова

Балым Сабетовна

Ақмола облысы білім басқармасының басшысы

13.

Капышев

Ардак Каиржанович

 

Тарих ғылымының кандидаты, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті халықаралық қатынастар, тарих  және әлеуметтік жұмыс кафедраның меңгерушісі

14.

Колосницин

Сергей Сергеевич

Көкшетау және Ақмола Епархияның епископы Серапион (келісім бойынша)

15.

Косянюк

Валентина Викторовна

Облыстық «Акмолинская правда» газетінің бас редакторы

(келісім бойынша)

16.

Красовский

Эвальт Александрович

Ақмола облысы Евангелия-Лютеран приходының әулиеатасы (келісім бойынша)

17.

Кулушева

Гулнар Ережеевна

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы

18.

Кыдырмин

Канат Коянбекович

Қазақстан мұсылмандары  діни басқармасының

Ақмола облысы бойынша өкілетті имамы (келісім бойынша)

19.

Сатыбалдина

Гульнур  Кабибуллаевна

 

Ақмола облысы дін істері басқармасының жанындағы «Конфессияаралық қатынастарды дамыту және талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының міндетін атқарушы

20.

Сагинбек

Нурлан Сагинбекович

Ақмола облысы бойынша Ұлттық

қауіпсіздік комитеті департаменті басқармасының бастығы (келісім бойынша)

21.

Торегожа

Каирбай Зейноллаевич

Облыстық «Арқа ажары» газетінің бас редакторы (келісім бойынша)

22.

Джакупова

Марал Кажикеновна

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің міндетін атқарушы

23.

Мусралимова

Айна Ермековна

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының

басшысы 

24.

Саденов Ержан Сапарбекович

Ақмола облысы ішкі істер департаментінің

бастығы (келісім бойынша)