Ресми интернет-ресурсы
«Ақмола облысының
дін істері басқармасы»
Мемлекеттік мекемеcі

Басшы блогы
e-islam.kz

;«ГОРЯЧАЯ

anticorruprion.gov.kz

Ақмола облысы дін істері басқармасы туралы

           «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы ҚР Заңына сәйкес, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдарының арасында уәкілеттіліктерді шектеу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы ҚР Заңын, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 608 қаулысын іске асыру мақсатында, Ақмола облыстық мәслихатының «Ақмола облысын басқару схемасын бекіту туралы» 2013 жылғы 26 маусымдағы № 5С-15-2 шешімімен, Ақмола облысы әкімдігінің 2013 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен «Ақмола облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - басқарма) құрылды.

2013 жылдың 18 шілдесінде әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өтті.

Ақмола облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат саны лимитіне сәйкес, басқармада 6 адам қызмет атқарады (басшы, 2 бөлім басшылары, 3 бас маман).

Ақмола облысының дін істері басқарманың функциялары

 «Ақмола облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі Ақмола облысының бойынша дін саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Басқарманың миссиясы: конфессияаралық келісім саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, Ақмола облысының діни бірлестіктерімен өзара іс-қимыл және діни нанымдар бойынша азаматтардың бостандығына құқығын жүзеге асыру.

Міндеттері:

1) Конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру және жүзеге асыру, діни наным еркіндігіне азаматтардың құқықтарын және діни бірлестіктермен өзара әрекет етуді жүзеге асыру бойынша ұсыныстар дайындау;

2) діни бірлестіктердің, діни білім беру ұйымдарының, миссионерлердің қызметі және азаматтардың діни сенім бостандығы құқығын іске асыру саласындағы үдерістерді талдау мен нәтижелерін жинақтап қорыту, жан-жақты және объективті зерделеу;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен Басқармаға жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.

Функциялары:

1) өңірдегі діни ахуалды зерделеп, оған талдау жүргізеді;

2) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнінде ұсыныстар енгiзедi;

3) діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

4) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметiне тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

5) Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

6) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi;

7) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекітеді, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келіседі;

8) ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім қабылдайды;

9) діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтардың тізімдеріне тексеру жүргізуді қамтамасыз етедi;

10) миссионерлiк қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді жүргізеді;

11) конфессияаралық келісімді және толеранттылықты нығайту мәселелері бойынша халықтың әр түрлі топтарымен ақпараттық-насихаттау шараларын іске асырады және ұйымдастырады;

12) конфессиялық саясат саласында бұқаралық ақпарат құралдарымен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттеседі;

13) Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамаларының бұзылуы анықталған жағдайда, кейіннен сот органдарына берілуімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасайды;

14) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.