Ресми интернет-ресурсы
«Ақмола облысының
дін істері басқармасы»
Мемлекеттік мекемеcі

Басшы блогы
e-islam.kz

;«ГОРЯЧАЯ

anticorruprion.gov.kz

Баспасөз хабарламалары

«Жасөспірімдердің деструктивті діни бірлестіктерге түсуі барысында психологиялық кеңестің мүмкіндіктері» оқыту семинарының БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ

          2015 жылғы 5 мамырда Ақмола облысы дін істері басқармасы жанындағы «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының конференц-залында «Жасөспірімдердің деструктивті діни бірлестіктерге түсуі барысында психологиялық кеңестің мүмкіндіктері» оқыту семинарын өткізді.

         Іс-шараға денсаулық сақтау жүйесінің психологтары, жалпы білім беретін мектептердің және оқу орындарының педагог-психологтары, сонымен қатар Ш.Уәлиханов атындағы КММ студенттері қатысты. Іс-шараның модераторы «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ директоры Г.К. Оразбаева болды.

          Тренер ретінде кеңесші, Қазақстан Республикасы психологтарының Ассоциациясы тренер-супервизоры, жоғары санатты психолог, жанұя тәрбиесі бойынша психолог-кеңесші, жүйелі құрылымдық орналастыру әдісі бойынша терапевт Минакова А.Б. шақырылды.

         Семинардың теориялық бөлігінде Минакова А.Б. келесі тақырыптарды өткізді: «Аддиктивті тәртіп құру қаупімен жасөспірімдерге (және жанұяларға) алғашқы-профилактикалық көмек көрсету техникалары», «Жасөспірімдердің деструктивті діни бірлестіктерге түсуі барысында психологиялық кеңестің мүмкіндіктері».

         Семинардың тәжірибелік бөлімі семинар қатысушылары тобына жеке терапия тәжірибесіне арналды, нақты жағдайлар бойынша кеңеске талдау жүргізілді.

         Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар берілді.

 

Байланыс жөнінде ақпарат:

E-mail: carmo.kokshe@mail.ru

Мекенжайы: Көкшетау қ., Р.Сабатаев көш., 151.

Орталық телефоны: 25-76-25;

Сенім телефоны: 72-25-96

«Қазақстан тарихындағы ислам діни тұлғалары» ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу бойынша баспасөз-хабарлама

(28.04.2015 жыл)

 2015 жылғы 28 сәуірде, Қазақ хандығының 550-жылдығын атап өту шеңберінде, Ақмола облысының дін істері басқармасы, дін істері басқармасы жанындағы «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетімен бірлесіп «Қазақстан тарихындағы ислам діни тұлғалары» тақырыбында конференция өткізді.

          Конференцияның мақсаты: қалыптасу тарихын популяризациялау және қазақ мемлекеттігін дамыту, зайырлылық қағидасын нығайту және қазақ халқының діни мұрасын құрметтеу, Қазақстан тарихында белгілі тұлғалардың діни үлесін ашу және жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беру.

          Конференцияның модераторы облыс әкімінің орынбасары Н.Ж. Нұркенов.

Пленарлық отырыс Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында өтті. Конференция жұмысына қатысқандар және сөз сөйлегендер:

- Айнұр Әбдірасылқызы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің дін мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры (Астана қ.);

- Мырзаев Балғабек Әбдікаимұлы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің діни сараптау басқармасының басшысы;

- Игдавлетов Ильшат Сулейманович, Уфа экономика және сервис мемлекеттік университетінің тарих, психология және педагогика кафедрасының доценті (Ресей Федерациясы, Башқұртстан Республикасы, Уфа қ.);

- Байтенова Нағима Жаулыбайқызы, философия ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры (Алматы қ.);

- Әбуов Айдар Парқұлұлы, Қазақстан дінтанушылар Конгрессінің төрағасы, ҚР Президенті жанындағы Академия профессоры, философия ғылымдарының докторы;

- Кенжетаев Досай Тұрсынбайұлы, философия және теология ғылымдарының докторы (PHD), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің дінтану кафедрасының профессоры (Астана қ.);

- Оңғаров Ершат Ағыбайұлы, насихаттау бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының улем кеңесі хатшысы;

- Әбуев Қадыржан Кабиденұлы, тарих ғылымдарының докторы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры;

- Смағулов Есбосын Меркешұлы, философия ғылымдарының кандидаты, Л.Н.Гумилев ат. Еуразия ұлттық университетінің дінтану кафедрасының доценті (Астана қ.);

- Тышхан Кеңшілік, философия ғылымдарының кандидаты, Л.Н.Гумилев ат. Еуразия ұлттық университетінің дінтану кафедрасының доценті (Астана қ.).

Конференцияның маңызды сәті «Қазақстан тарихындағы ислам діни тұлғалары» тақырыбында ғылыми мақалалар (шығармашылық шығармалар) байқауы жеңімпаздарын марапаттау болды. Аталған байқау төрт санат арасында 2015 жылдың 26 қаңтарынан бастап 10 сәуірі аралығында өтті: журналистер, студенттер, оқытушылар және «Дінтану» пәні мұғалімдері, Ақмола облысының ислам қауымы. Байқауға 118 адам қатысты. Барлық жұмысты мұқият қарай келе, қазылар алқасы 12 жеңімпазды таңдады.

Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының шығармашылық ұжымы іс-шараға қатысушыларға Ж.Ерғалиевтің «Жан шырылы» пьесасын қойды.

Фойеде «Қазақстандағы ислам: тарихы және жаңашылдығы» тақырыбында кітап көрмесі қойылды.

          Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде 4 секцияның жұмысы өтті:

          1 секция: «Исламның рухани тұлғаларының Қазақстан ғылымы мен ағарту ісіндегі ролі»;

          2 секция: «Дін және ұлттық қауіпсіздік»;

          3 секция: «Дін мен дәстүрдің жас ұрпақ тәрбиесіндегі ролі»;

          4 секция: «Дінтанушылардың дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы ролі».

          Іс-шара аяқталғаннан кейін конференция қатысушыларымен бірлескен үндеу қабылданды.

Конференция жұмысына мемлекеттік органдардың, діни бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және ғылыми қауымдастықтардың өкілдері, сонымен қатар Қазақстан дінтанушылар конгресінің мүшелері, жалпы білім беретін мектептердің «Тарих» және «Дінтану негіздері» пәндерінің мұғалімдері, Көкшетау қ. жоғары оқу орындарының мұғалімдері және студенттері қатысты.

Семинар в отеле «Плаза»

 Члены информационно-пропагандистской группы (далее ИПГ) при управлении по делам религий (далее управление) под эгидой Антитеррористической комиссии при акимате Акмолинской области продолжают цикл семинарских занятий на тему «Профилактика религиозного экстремизма» в трудовых и производственных коллективах областного центра.

Цель – доведение до населения принципов светскости, воспитания толерантного сознания и ограждение населения от влияния нетрадиционных течений.

21 апреля 2015 года проведен очередной семинар для работников отеля «Плаза» (всего 19 человек).

Со вступительным словом к собравшимся обратилась руководитель управления С.Ибраева, которая разъяснила закон РК «О религиозной деятельности и религиозных объединениях», подробно остановившись на вопросах религиозной ситуации в Акмолинской области.

Выступление С.Черемнова, сотрудника ДКНБ по Акмолинской области, было посвящено начальной антитеррористической подготовке населения.

Специалист отдела КГУ «Центр анализа и развития межконфессиональных отношений» Д.Токсанбаев в своем выступлении осветил вопросы «Светскости и светского государства».

К.Алшимбаев, директор ОО «Насихат», рассказал «О национальных традициях казахского народа и исламе, о влиянии деструктивных течений на общественное сознание».

Собравшимся продемонстрированы видеофильмы «Сирийский капкан» и видеоролики, раскрывающие пагубность влияния нетрадиционных течений.

   С.Ибраева – руководитель

                                                                   управления по делам религий

ПРЕСС-РЕЛИЗ

семинара «ИПГ – как один из эффективных

методов работы с молодежью»

 

11 февраля 2015 г. в аудитории № 114 Академии Кокше управление по делам религии Акмолинской области совместно с КГУ «Центр анализа и развития межконфессиональных отношений» при управлении по делам религии Акмолинской области (далее – Центр) провели семинар на тему: «ИПГ – как один из эффективных методов работы с молодежью».

Цель семинара – повышение правового и религиозного уровня представителей информационно-пропагандистских групп ВУЗов г.Кокшетау в вопросе профилактики религиозного экстремизма и терроризма.

О государственной политике, направленной на обеспечение свободы вероисповедания, духовного прогресса, сохранения и укрепления гражданского мира и межконфессионального согласия в стране, поведал руководитель Управления по делам религии Акмолинской области С.Ибраева.

О работе ИПГ, которая позволяет заложить основу доверия населения к государственной политике в сфере религии и формировать активную гражданскую позицию, направленную на укрепление общественного согласия и стабильности в обществе, сообщила руководитель отдела по проведению исследований, анализа и мониторинга в религиозной сфере Центра Г.Сатыбалдина.

О светскости и светском государстве, о постулатах Конституции Республики Казахстан, рассказал специалист Центра Д.Токсанбаев.

Участники семинара: члены ИПГ из числа преподавателей Академии Кокше.

          По окончанию семинара всем присутствующим роздана методическая литература, содержащая вопросы регулирующие взаимодействие государства и религиозных объединений.

 

 

 

 

ПРЕСС-РЕЛИЗ

семинара «ИПГ – как один из эффективных

методов работы с молодежью»

 

10 февраля 2015 г. в аудитории № 212 Гуманитарно-технической академии управление по делам религии Акмолинской области совместно с КГУ «Центр анализа и развития межконфессиональных отношений» при управлении по делам религии Акмолинской области (далее – Центр) провели семинар на тему: «ИПГ – как один из эффективных методов работы с молодежью».

Цель семинара – повышение правового и религиозного уровня представителей информационно-пропагандистских групп ВУЗов г.Кокшетау в вопросе профилактики религиозного экстремизма и терроризма.

О государственной политике, направленной на обеспечение свободы вероисповедания, духовного прогресса, сохранения и укрепления гражданского мира и межконфессионального согласия в стране, рассказал главный специалист управления по делам религии Акмолинской области Е.Кушкенов.

О работе ИПГ, которая позволяет заложить основу доверия населения к государственной политике в сфере религии и формировать активную гражданскую позицию, направленную на укрепление общественного согласия и стабильности в обществе, сообщила руководитель отдела по проведению исследований, анализа и мониторинга в религиозной сфере Центра Г.Сатыбалдина.

Участники семинара: члены ИПГ и преподаватели Гуманитарно-технической академии.

          По окончанию семинара всем присутствующим роздана методическая литература, содержащая вопросы регулирующие взаимодействие государства и религиозных объединений.

 

 

 

 

ПРЕСС-РЕЛИЗ

семинара «ИПГ – как один из эффективных

методов работы с молодежью»

 

9 февраля 2015 г. в аудитории № 311 КГУ им. Ш. Уалиханова управление по делам религии Акмолинской области совместно с КГУ «Центр анализа и развития межконфессиональных отношений» при управлении по делам религии Акмолинской области (далее – Центр) провели семинар на тему: «ИПГ – как один из эффективных методов работы с молодежью».

Цель семинара – повышение правового и религиозного уровня представителей информационно-пропагандистских групп ВУЗов г.Кокшетау в вопросе профилактики религиозного экстремизма и терроризма.

О государственной политике, направленной на обеспечение свободы вероисповедания, духовного прогресса, сохранения и укрепления гражданского мира и межконфессионального согласия в стране, поведал руководитель отдела по работе с религиозными объединениями Управления по делам религии Акмолинской области Б.Касенов.

О работе ИПГ, которая позволяет заложить основу доверия населения к государственной политике в сфере религии и формировать активную гражданскую позицию, направленную на укрепление общественного согласия и стабильности в обществе, сообщила руководитель отдела по проведению исследований, анализа и мониторинга в религиозной сфере Центра Г.Сатыбалдина.

О светскости и светском государстве, о постулатах Конституции Республики Казахстан рассказал специалист Центра Д.Токсанбаев.

Участники семинара: члены ИПГ и преподаватели КГУ им.                     Ш. Уалиханова.

          По окончанию семинара всем присутствующим роздана методическая литература, содержащая вопросы регулирующие взаимодействие государства и религиозных объединений.

 

«Этникалық және діни толеранттылыққа тәрбиелеу, экстремизмге және радикализмге қарсы іс-қимыл дағдыларын қалыптастыру» атты облыстық семинардың баспасөз-хабарламасы

(05.02.2014 ж., № 1 құрылыс-техникалық колледжі, Көкшетау қ.)

 

 

         2013-2017 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында, 2015 жылдың 5 ақпанында Көкшетау қ. № 1 құрылыс-техникалық колледжінің базасында Ақмола облысының дін істері басқармасы аудандық, қалалық білім бөлімдерінің тәрбие жұмысы бойынша әдіскерлеріне, білім беру мекемелерінің тәрбие жұмысы бойынша директорлар орынбасарларына, мектеп ассамблеясы жетекшілеріне, «Дінтану» пәні кураторларына, ҮЕҰ, ата-аналар қауымына «Этникалық және діни толеранттылыққа тәрбиелеу, экстремизмге және радикализмге қарсы іс-қимыл дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында облыстық семинар өткізді. Семинарға 160 адам қатысты.

         Семинардың мақсаты: діни экстремизмнің алдын алуда проблемалық мәселелерді талқылау, діни радикализмнің туындауына ықпал ететін себептер мен салдарды анықтау, білім беру ұйымдарында діни экстремизмге және радикализмге қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі шараларды және ұсыныстарды өндіру.

           Семинарға «Жастар және дін» баяндамасымен Ақмола облысы дін істері басқармасының басшысы Ибраева Сәуле Лұқманқызы қатысты.

           Барлық баяндамаларда басты ой ретінде - рухани - адамгершілік құндылықтарды дамытуға негізделген тәрбие жұмысын күшейту айтылды. Ата-аналарға және педагогтарға балалар қарайтын интернет-сайттарын қарауға ұсыныс жасалды. Сонымен қатар, семинарда толеранттық қатынасты және конфессияаралық келісімді дамытуда діни экстремизмге идеологиялық қарсы іс-қимылға бағытталған алдын алу жұмыстарының жүйесіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

 

«АНТ - жастармен жұмыстың тиімді әдістерінің бірі ретінде» тақырыбында семинар

БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ

 

           2015 жылғы 4 ақпанда А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде Ақмола облысының дін істері басқармасы және Ақмола облысының дін істері басқармасы жанындағы «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ-мен (бұдан әрі Орталық) бірлесіп «АНТ - жастармен жұмыстың тиімді әдістерінің бірі ретінде» тақырыбында семинар өткізді.

           Семинардың мақсаты - діни экстремизмнің және терроризмнің алдын алу мәселесінде Көкшетау қ. ЖОО ақпараттық-насихаттау топтары өкілдерінің құқықтық және діни деңгейлерін арттыру.

           Дін тұту бостандығын, діни прогрессті қамтамасыз етуге, елімізде азаматтық бейбітшілікті және конфессияаралық келісімді сақтауға бағытталған мемлекеттік саясат туралы Ақмола облысының дін істері басқармасының басшысы С.Ибраева айтып өтті.

         Дін саласында мемлекеттік саясатқа халықтың сенім негізін қалыптастыруға мүмкіндік беретін және қоғамдық келісімді және қоғамда тұрақтылықты нығайтуға бағытталған белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастырудағы АНТ жұмысы туралы Орталықтың дін саласына зерттеу, талдау және мониторинг жүргізу жөніндегі бөлімнің басшысы Г.Сатыбалдина хабарлады.

           Зайырлылық және мемлекет зайырлылығы туралы, Қазақстан Республикасы Конституциясының постулаттары туралы Орталықтың маманы Д.Тоқсанбаев айттып берді.

           Семинарға қатысушылар: АНТ мүшелері және А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің оқытушылары.

          Семинар аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға мемлекеттің және діни бірлестіктердің өзара іс-қимылын реттейтін мәселелерден құралған әдістемелік әдебиет таратылды.

 

 

 

Рождество Христово мерекесі қарсаңында Көкшетау қ. Архистратиг Михаил приходына Ақмола облысы әкімі С.В. Кулагиннің баруы туралы

баспасөз-хабарлама

 

 

2015 жылдың 6 қаңтарында Ақмола облысы әкімі С.В. Кулагин Көкшетау қ. Архистратиг Михаил ғибадатханасына барды.

Бару барысында облыс әкімі қатысушы православ христиандарын ең ұлы мерекелердің бірі «Рождество Христово» мерекесімен құттықтады, ол православ шіркеуінің біздің қоғамда бейбітшілік пен келісімді нығайтуға, мемлекеттер мен діни бірлестіктер арасында игілікті диалогты дамытуға үлкен үлес қосатындығын атап өтті.

Жиналғандарға зор денсаулық, бейбітшілік, тыныштық және саулық тілей отырып, С.В. Кулагин приход жанындағы жексенбілік курстарға қатысатын балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табыс етті.

 

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және 2014 жылғы

11 қарашадағы «НҰРЛЫ ЖОЛ - БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» Жолдауына арналған «Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасын қалыптастырудағы және дамытудаға рөлі» дөңгелек үстелін жүргізу қорытындысы бойынша баспасөз-хабарлама





2014 жылғы 27 қарашада, Ақмола облысы Дін істері басқармасының конференц-залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және 2014 жылғы 11 қарашадағы «НҰРЛЫ ЖОЛ - БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» Жолдауына арналған «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасын қалыптастырудағы және дамытудаға рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шараның ұйымдастырушысы облыстың дін істері басқармасы.

Дөңгелек үстел жұмысына қаланың діни бірлестіктерінің өкілдері және облыстық БАҚ журналистері қатысты.

Кездесу алдында, дін істері басқармасының бөлім басшысы Б.Н. Касенов Жолдаудың негізгі бағыттары бойынша бейнеслайдтар көрсете отырып, Көкшетау қ., облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына мысалдар келтірді.

ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесінің мәні туралы Ақмола облысының Дін істері басқармасы жанындағы «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ директоры Г.К. Оразбаева айтты.

Н.Ә.Назарбаевтің елді дамытуға қосқан үлесі туралы, 2014 жылғы Жолдауда берілген, алға қойылған міндеттердің маңыздылығы туралы және ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтау қажеттілігі туралы Көкшетау және Ақмола Епархиясы Қазақстан Православ Шіркеуінің Епископы Серапион (Колосницин С.С.) және Көкшетау қ. «Ғалым» мешітінің имамы Жолтаев Н.А. өз ойларын айтты.

Сонымен қатар, Президент саясатын және кезекті Жолдауды қолдап Трифонов В.Ю. («Любовь Христа» Христиан Евангель шіркеуі» ДБ филиалының пасторы), Самцов В.Д. («Миссия благотворения и Евангелизации «Эммануил» ДБ басшысының орынбасары), Красовский Э.А. («Ақмола облысының Евангель-Лютеран приходы» басшысы) және іс-шараға қатысушылар сөз сөйледі.

Дін істері басқармасының бөлім басшысы Б.Н. Касенов кездесудің қорытындысын жасады.

Кездесу соңында, дөңгелек үстелдің барлық қатысушылары кофе-брейкке шақырылды, олар жақын және еркін өз өмірлерінің өткен кезеңдерімен бөлісті, қазақ ұлтының қонақжайлылығы туралы, Қазақстан халқының толеранттылығы және өзге ұлттармен достастығы туралы әңгіме қозғады.

 

"Зайырлы мемлекет және дін" тақырыбында дебаттың баспасөз хабарламасы

 

2014 жылдың 12 қарашасында, "Ақмола облысының дін істері басқармасы" ММ жұмыс жоспарына сәйкес, мемлекеттік тілде "Зайырлы мемлекет және дін" тақырыбында студенттік дебат өткізілді. Іс-шара басқарманың конференц-залында өтті.

Дебатқа Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің және А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің командалары қатысты.

Дебатқа қатысушылар жеребе бойынша (Ш.Уәлиханов атындағы КМУ - үкімет, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті - оппозиция) Қазақстандағы діни жағдайлар бойынша өз көзқарастары туралы айтты.

Дебат барысында екі команда дін саласындағы заң негіздеріне, әсіресе "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" заңға қатысты жақсы білім көрсетті. Сонымен қатар, деструктивті діни ағымдарға қарсы іс-қимыл бойынша алдын алу шараларын ұйымдастыру бойынша өз ойларын

білдірді, зайырлы мемлекет қағидалары туралы айтты.

Екі студенттік командалардың заңнама негіздерін білуін және ораторлық шеберліктерін дін істері басқармасының және Ақмола облысының дін істері басқармасы жанындағы "Конфессияарлық қатынастарды талдау және дамыту орталығы" КММ өкілдері бағалады.

Жас дебатшыларға белсенді қатысқаны үшін естелік сыйлықтар (кітаптар) табыс етілді.

 

Бурабай ауданының «Щучинский» шипажайында 2014 жылдың 13-14 қараша аралығында Ақмола облысы Дін істері басқармасы «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» мекемесімен (бұдан әрі – КММ) бірлескен «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларының әдістері мен формалары» атты тақырыптағы облыстық оқыту семинарын өткізді.

Іс-шараның мақсаты - Ақмола облысының ақпараттық-насихаттық топтарының экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелеріндегі діни сауаттылығы мен құқықтық біліктіліктерін көтеру және дін мәселелері бойынша әртүрлі құрылымдардың өзара ықпалдастығы мен қызметестігін арттыру.

Семинар жұмысын ашқан Ақмола әкімінің орынбасары Н.Ж. Нүркенов.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі дін істері комитетінің бас сарапшысы Б.Шерьязданов өз сөзінде Қазақстандағы мемлекеттік-конфессионалдық қатынастардың мәнін және қағидалық негіздерін ашып көрсетті.

Қазіргі исламның жай-күйі, өзекті мәселелері туралы Татарстан Республикасы Бас мүфтиінің орынбасары, Ресей ислам университетінің ғылым жөніндегі проректоры Батров Рустам Хазреттің және Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Ақмола облысындағы өкіл имамы, «Науан Хазірет» мешітінің имамы Қ.Қ. Қыдырминнің сөйлеген сөздерінде көрініс тапты.

Семинардың практикалық жағы фокус-топтар формасында өткізілді.

Олардың негізігі сарапшылары ретінде жұмыс жүргізгендер: Еуразия Ұлттық университетінің дінтану кафедрасының доценті, философия ғылымдарының кандидаты, Астана қ. әкімдігі жанындағы дін мәселелерін зерттеу орталығы директорының орынбасары Е.М. Смағұлов; Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының үлемдер кеңесінің хатшысы, насихат бөлімінің меңгерушісі Е.А. Оңғаров; Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, «Нұрлы білім» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Р.Сыздықов; Павлодар облысының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ директоры Г.М.Раздықова; Ақмола облысы «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ директоры Г.К.Оразбаева; Ақмола облысы «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ талдау және сараптау бөлімінің жетекшісі Д.С. Токсанбаев.

Семинардың аяқталу кезеңінде Ақмола облысы дін істері басқармасының басшысы С.Л. Ибраева барлық семинарға қатынасушыларға сертификаттар тапсырды.

Семинарға қатынасушылар: әлеуметтік мәселелер жөніндегі аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары, ақпарат-насихат топтары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері.