Ресми интернет-ресурсы
«Ақмола облысының
дін істері басқармасы»
Мемлекеттік мекемеcі

Басшы блогы
e-islam.kz

;«ГОРЯЧАЯ

anticorruprion.gov.kz

Ақмола облысы Дін істері басқармасы жанындағы «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

            Ақмола облысы әкімдігінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № А-12/576 қаулысымен Ақмола облысы Дін істері басқармасы жанынан «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды.

КММ штат саны - 12 адам.

Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы 2013-2017 жылдарға арналған діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік бағдарламаға сәйкес Ақмола облысының тұрғындары арасында, әсіресе жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады.

Орталық жұмысының негізгі бағыттары төмендегідей болып табылады:

- ақпараттық-насихаттау жұмысы, сурақтары дін бойынша АТТ жұмысын әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету;

- діни жағдайға мониторинг жасау, халықтың діншілдік деңгейін әлеуметтік зерттеу және діни жағдайды болжау;

- деструктивті және радикалды ағымдардың салдарынан зардап шеккен тұлғаларды оңалту;

- діни ағартушылықты арттыру жолымен конфессияаралық келісімді дамыту, Ақмола облысы тұрғындарының толеранттылық санасын қалыптастыру.