Ресми интернет-ресурсы
«Ақмола облысының
дін істері басқармасы»
Мемлекеттік мекемеcі

Басшы блогы
e-islam.kz

;«ГОРЯЧАЯ

anticorruprion.gov.kz

Діни білімді елде алған дұрыс

Айқын газеті

01.07.2017

https://aikyn.kz/2017/07/01/19103.html 

Діни білімді елде алған дұрыс
(aikyn.kz)

 Қазақстандағы этносаралық және конфессияаралық келісім бүгінгі таңда әлемдік деңгейде мойындалған конфессияаралық қатынастың бірегей үлгісіне айналып отыр.

Қазақстан Үкіметі конфессияаралық келісімді кемелдендіре түсу бағытында байыпты қадамдар жасап келеді. Солардың бірі – 2016 жылы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің құрылуы. Аталмыш министрлік елде конфессияаралық келісімді дамыту, азаматтық қоғамды өркендету мен жастар саясатын кемелдендіру мақсатында кешенді жұмыстар жүргізуде.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбымен халыққа арнаған кезекті Жолдауында басқа да өзекті мәселелермен қатар, дін саласында орын алып отырған ахуалға баса көңіл аударған болатын.

Заманауи әлемнің әлеуметтік – саяси, экономикалық, мәдени және рухани жағдайына кері ықпалын тигізіп отырған өзекті мәселелердің қатарында зорлық-зомбылыққа негізделген экстремизм мәселесі алдыңғы қатарға шығып отыр.

Экстремизм – адамның басқа түсініктерді, сенімдерді, дәстүрлер мен құндылықтарды қабылдауына кедергі болатын белгілі бір сенімдер мен идеяларға қатысты шектен тыс радикалды көзқарас жолын ұстануы. Негізінен, экстремизм сауатсыздық пен сыңаржақтыққа бейімделген көзқарастардан туындайды. «Тек менің пікірім ғана дұрыс, өзгелердің пікірі бұрыс» деген ұстанымдағы шетін көзқарастағылардың кемшілігі –басқа көзқарасты қабылдай алмау, түсінбеу, түсінгісі келмеу. Экстремистік көзқарастағылар өздерінен басқалардың барлығын адасушыларға жатқызады, олардың пікірлерін мойындамайды.

Міне, осы себептерден түрлі қақтығыстар, төңкерістер, дау-жанжалдар орын алуы ықтимал. Экстремистік ағымдар қатарында жүргендер өз мақсаттарына жету үшін ешнәрседен бас тартпайды, тіпті өздерін құрбан етуге де дайын.

Олар күш пен қару қолдану арқылы заңды аяқ асты етеді, дін атын жамылып ислам қағидаларын бұрмалайды. Оған Таяу Шығыстағы бірқатар елдерде кеңінен орын алған зорлық-зомбылық дәлел бола алады. Өкінішке қарай, мұндай әрекеттер былтыр Ақтөбе мен Алматыда да көрініс берді. Сарапшы мамандар экстремизмнің пайда болу себептері туралы әрқилы пікірлер айтады. Солардың бірі – халықтың саяси-құқықтық мәдениетінің және діни сауатының төмендігі. Еліміздегі дін саласының дамуы туралы ортақ түсінік қалыптастыру үшін біз «Қазақстанның дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын» сарапшылардың үлкен тобымен бірлесе отырып әзірледік. Бұл тұжырымдама қоғамда дәстүрлі рухани құндылықтарды бекіте түсуді, зайырлы мемлекет қағидаларын ілгерілетуді, ұлттық бірегейлікті нығайтуды көздей отырып, діни экстремизмге қарсы қоғамның иммунитетін нығайтатын нақты шаралар ұсынады. Жуырда ол Үкімет деңгейінде мақұлданды. Осы тұжырымдама негізінде ҚР «Кейбір заңнамалық актілерге діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасы әзірленуде. Заңнама жобасында діни білім алу тәртібін реттеу, жасөспірімдерді діни қызметке 3заңсыз тартуға жол бермеу, діни әдебиеттерді тарату тәртібін жетілдіру және тағы басқа да мәселелер бар. Заңнамалық өзгерістер еліміздің барлық азаматтарының мүддесін ескеріп қабылданады. Мәселен, Министрлікке кәмелетке толмаған жасөспірімдерді діни қызметке заңсыз тартуға тосқауыл қою мәселесін шешу туралы тұрғындардан ұсыныстар түсуде. Мұның екі жағы бар. Біріншісі –үйде діни сенімнің шектен тыс уағыздалуы. Біз ата-аналар өз балаларын өздерінің діни сеніміне сай тәрбиелеуіне қарсы емеспіз. Десек те, балаға діннің шамадан тыс уағыздалуы оның әлеуметтік ортадан шеттелуіне, жора-жол­дас­тарымен араласпауына алып келетінін және осыдан туындайтын болашақ салдарларды ата-ананың жете сезінуі керек деп ойлаймын.

Екінші жағы – жасөспірімдердің өз бетінше дінге бой алдыруының қауіптілігі. Бұл жағдайда, керісінше, ата-ана балаларының қызығушылығынан бейхабар болып келеді.

 

 

 Жасөспірімдердің интернеттен діни ақпараттар алуы немесе сабақ уақытында діни ғимараттарға баруы, яғни дінді білуге талпынысы, өкінішке қарай, көп жағдайда олардың әртүрлі жалған діни ұйымдар мен теріс ағымдардың жетегінде кетуіне себеп болады. Сөйтіп, кейбір ата-аналар баласын дінге тартса, екіншілері оған қарсы шығып, шағымданып жатады. Осындай жағдайлармен бетпе-бет келген ата-аналар арнайы хат жазып, осы мәселені заңмен реттеуді ұсынуда.

Жиі түсетін ұсыныстардың бірі – азаматтардың шетелдердегі діни оқу орындарында білім алуын реттеу мәселесі. Көптеген азаматтар жекелеген елдердегідей шетелде діни білім алуға толық тыйым салуды сұрауда. Әрине, мұндай ұсыныстар шетелдердегі діни оқу орындарында өз бетінше білім алуға кеткен жастарымыздың радикалды діни ағымдардың ықпалына ұшырау мүмкіндігін сезінуден туындап отырғаны анық. Осы ретте, өз бетімен діни білім алуға аттанып, ол жақта экстремистер мен радикалдардың арбауына түсіп, террористік ұйымдардың қатарын толтырып жүрген жастарымыздың бар екенін жасырып-жабуға болмайды.

Дінге қызығушылық танытып отырған жұртшылыққа дұрыс ақпарат бере алатын теологтар дайындау мақсатында мемлекет «Исламтану» мамандығына бө­лінетін грант санын жылдан-жылға ұлғайтып отыр. Мәселен, 2016 жылы мемлекет тарапынан осы мамандыққа 190 грант бөлінді. Астанадағы «Нұр-Мүбарак» университетінде 123 магистрант білімдерін шыңдауда. Сонымен қатар 12 докторант ғылым жолында жүр. Алдағы 4-5 жыл ішінде жоғары білімді мешіт имамдарына қатысты бүгін байқалып отырған қажеттілік толық шешімін табатын болады.

Сондай-ақ Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, діни білім алу үшін ұсынылатын шетелдік теологиялық жоғары оқу орындарының тізімін жасақтады. Бұл тізімге Мысыр, Түркия, Ресей және Өзбекстан елдерінің теологиялық 9 жоғары оқу орны енді. Олардың қатарында «Әл-Азхар» университеті, Стамбул университеті, Мәрмара университеті, Анкара университеті, «Селжүк» университеті, «Хасеки» институты, Нажмеддин Эрбакан атындағы университет (Түркия), Ресей ислам университеті (Қазан қаласы), Мәскеу ислам университеті және Ташкент ислам университеті бар. Яғни, шетелдерде діни білім алғысы келетін азаматтар ҚМДБ жолдамасы арқылы аталған оқу орындарында білім ала алады.

Сонымен қатар елімізде арнайы діни орта білім беретін 9 медресе жұмыс істеп отыр. Олар Астана, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында қызмет етеді.

Бүгінгі күнде 5 медресенің техникалық базасы медресе-колледж деңгейіне жеткізілді (Алматы облысы мен Алматы, Шымкент, Ақтөбе қалаларындағы медреселер).

Қазақстанда билік органдары азаматтардың діни сенімдеріне құрметпен қарайды. Біз барлық діни бірлестіктердің кедергісіз жұмыс жасауына қажетті жағдай туғызамыз. Мемлекет діни канон­дық, теологиялық мәселелерге араласпайды. Дегенмен біз зайырлы мемлекетпіз. Мемлекетіміздің заң талаптарын сақтау – қоғам өмірінің басты сұранысы.

Сондықтан Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы – ел мұсылмандарының басын қосып отырған және қоғам ауызбіршілігі мен тұрақтылығын нығайту ісінде үлкен жұмыстарды іске асырып отырған бірден-бір діни бірлестік. Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларда Діни басқармамен жан-жақты өзара іс-қимыл жасайтын боламыз. Дәл осындай келісім еліміздегі Орыс православия шіркеуімен жасалды. Министрлік жұмысының ең маңызды бағыттарының бірі – дінді деструктивті мақсатта пайдаланудың жолын кесуге бағытталған көпсалалы жұмыстар жүргізу. Соның ішінде БАҚ-та Үкіметтің деструктивті діни ағымдарға, оның ішінде псевдосалафизмге теріс көзқарасы ресми түрде мәлімделіп, қоғамда үлкен қолдауға ие болды. Қазақстандықтардың 85 пайызы деструктивті идеяларға төзбеушілік танытатынын әлеуметтанулық сауалнамалар көрсетті. Сондай-ақ діни материалдардың астыртын таратылуын бақылау жолға қойылды. Қазіргі таңда контенттегі құқық бұзушы сайттар анықталып, оларға тыйым салынуда. Кітап пен баспа өнімдеріне, оның ішінде қылмыстық-атқару жүйесіндегі кітапхана қорларына сараптама жасалуда.

Жолдауда Президент діни экстремизмнің алдын алу мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Министрлік діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстарын негізгі екі бағытта – жалпы профилактика және мақсатты реабилитация жұмыстары бағытында жүргізіп келеді.

Жалпы профилактика қоғамда діни-экстремистік идеологияға қарсы түсінік қалыптастыруды, дінге қызығушылық танытатын тұрғындардың сауатын көтеруді көздейді. Бұл жұмыстар төмендегі міндеттерге бағытталған:

– ел тұрғындарының дін саласындағы мәселелерге қатысты сауатын арттыру, ақпараттандыру және түсіндіру;

– дәстүрлі рухани құндылықтарды кеңінен насихаттау арқылы ұлттық бірегейлік пен тұтастығымызды нығайту;

– радикалды идеялардың таралуының алдын алу және азаматтардың бойында жат діни идеяларға төтеп бере алатын иммунитет қалыптастыру;

– радикалдық идеялардан зардап шеккен азаматтарға кеңес беру және оларды дәстүрлі әлеуметтік ортаға қайтару бағыттарында кешенді жұмыстар атқару.

Министрліктің Дін істері комитеті жанынан дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық түсіндіру топтары құрылып, олардың күшімен елдің барлық өңірлерінде іс-шаралар өткізілуде. Дәл осындай 300-ден астам ақпараттық түсіндіру топтары барлық өңірлердегі әкімдіктердің жанында жұмыс істейді. Олардың құрамында – 3,5 мыңнан астам адам бар. Өңірде бұл бағыттағы жұмысты Дін істері басқармалары мен коммуналдық мемлекеттік ме­кеме нысанындағы Дін мәселелері жөніндегі орталықтар ұйымдастырып және үйлестіріп отырады.

Биылғы жылдың I тоқсанында өңірлердегі дін істері басқармалары жанындағы ақпараттық-түсіндіру топтары республика көлемінде әртүрлі деңгейде 6600-ден астам іс-шара өткізіп, онымен 460 мыңға жуық адам қамтылған. Тұрғындармен тікелей байланыста болатын ақпараттық түсіндіру топтарының жұмысы – уақыт тәжірибесінен өткен пәрменді тетіктердің бірі.

Министрлік жалпы профилактика шеңберінде тұрғындарды радикалды діни ағымдардың теріс идеяларынан сақтандыру мақсатында ақпараттық материалдар, мақалалар мен сұхбаттар әзірлеу және оларды БАҚ-та орналастыру бағытында да ауқымды жұмыстар жүргізуде. 

Орталық және аймақтық БАҚ-тарда дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, зайыр­лылық қағидаттарын ілгерілету, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, діни экстремизмнің алдын алу секілді өзекті мәселелер бойынша биылғы жылдың I тоқсанында 8 мыңнан астам ақпараттық материал­дар жарияланып, орналастырылды.

Сонымен қатар интернет-аудиториямен ағартушылық жұмыстар КazIslam.kz (бұрынғы E-Islam.kz) интернет-порталы арқылы да жүргізілуде.

Діндарлардың мүмкіндіктерін кеңейту үшін 2016 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен бірлесе отырып «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәде­ниеті университеті жанынан «Экстремизмнің алдын алу жөніндегі имамдарды қайта даярлау институты» құрылды. Бүгінге дейін институтта 60 имам мен теологмаман қайта даярлаудан өтті. Жалпы қабылданған шаралар діни саладағы жағдайды сауықтыруға айтарлықтай ықпал етуде.

Мақсатты реабилитациялау жұмыстары тәуекел топтармен, яғни экстремистік ағымдар идеологиясының ықпалына түскен адамдарды теологиялық тұрғыдан дәстүрлі сенімге қайтару мақсатында жеке жұмыстар жүргізу жолға қойылған.

Осы бағытта түзеу мекемелерінде жазаларын өтеушілермен жұмыс жүргізуге ерекше назар аударылып келеді. Елбасы Жолдауында бұл жұмысқа үкіметтік емес секторды тарту керектігі айтылған. Бүгінде ҮЕҰ-мен қарым-қатынас жүйелі түрде жүргізіледі. Республика бойынша 28 ұйымды құрайтын оңалту орталықтары жұмыс істеп отыр.

Орталық деңгейде және бар­лық өңірлерде деструктивті сипаттағы жалған діни ұйымдар мен радикалдық ағымдардан зардап шеккендерге кеңес беру жұмыстарымен айналысатын арнайы «Қауырт желі – 114» байланыс желісі жұмыс істейді.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жалпы руханият саласының жаңғыртылуын басты нысана етіп алуы да біздің атқарып отырған жұмыстарымызға тың серпін береді. Қазіргідей жаһандану кезінде рухани жаңғыруға, ұлттық сана, ұлттық бірегейлік, сананың ашықтығы және білімділікке ұмтылу мәселелеріне ерекше назар аударылуы – өскелең ұрпақтың отаншылдық сезімін ұштайтын, жарқын болашағымызға бағдар беретін әрекет.

Дін мен руханият саласындағы атқарылып жатқан осындай ауқымды жұмыстардың барлығы – Елбасымыздың байсалды да парасатты саясатының нәтижесі және Қазақстан халқының жоғары дамыған азаматтық санасының жемісі.

 

Берік Арын, Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі