Ресми интернет-ресурсы
«Ақмола облысының
дін істері басқармасы»
Мемлекеттік мекемеcі

Басшы блогы
e-islam.kz

;«ГОРЯЧАЯ

anticorruprion.gov.kz

ПРЕСС-РЕЛИЗ

ПРЕСС-РЕЛИЗ 

2017 жылдың 15 қыркүйек күні Ақмола облысы басқармасының жанындағы «Конфессияаралық қатынастарды дамыту және талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ішкі саясат бөлімінің басшыларына және мамандарына, Аршалы, Астрахан, Ерейментау, Егіндікөл, Қорғалжын, Целиноград аудандарының ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы профилактикалық іс-шаралардың өткізу формасы мен әдістері» тақырыбы бойынша өңірлік оқыту семинарын өткізді.

Семинардың мақсаты – Ақмола облысының ақпараттық-түсіндіру топтарынының өкілдерінің діни экстремизм мен терроризмді алдын алу бойынша мәселелердегі құқықтық және діни деңгейдегі сауаттылықты арттыру.

Іс-шараның модераторы Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Айткужинова Алма Кокишевна сөз бастады.

«Конфессияаралық қатынастарды дамыту және талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры  Г.Сатыбалдина өзінің баяндамасында діни қарым-қатынас саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі  қағидасын және ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысының формасы мен әдістерін түсіндіріп өтті.

Дәстүрлі исламның деструктивті жалған дін ағымдарынан айырмашылығы және түзету орындарындағы аталған ағымды ұстанушылармен жұмыс әдісі туралы ақпараттық-насихат бөлімінің маманы М.Нұрмұхамбетовтың баяндамасында кеңінен айтылды.

Ақпараттық-насихат бөлімінің басшысы М.Хайыржанов «Интернет ресурстардың қауіпі» тақырыбына сөз сөйледі. Ол діни экстремизм мен терроризм идеяларының  әлеуметтік желілер арқылы таратылуының негізгі факторлары және  патриотизм мен толеранттық сезімдерін бойға дарыту арқылы оған қарсы тұрудың маңыздылығын айтып өтті.

Практикалық бөлім барысында  кеңес беру-оңалту бөлімінің басшысы Ю.Трофимова семинар қатысушыларымен деструктивті діни ұйымдарға түсудің себептерін және оған тартылудың болмысы бойынша интерактивті тренингтер өткізді, сондай-ақ қатысушылар тәжірибе  кезінде деструктивті діни ағымдарының ықпалынан тиімді қорғаныс икемдеріне машықталынды.

Семинардың қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар ұсынылды.