Ресми интернет-ресурсы
«Ақмола облысының
дін істері басқармасы»
Мемлекеттік мекемеcі

Басшы блогы
e-islam.kz

;«ГОРЯЧАЯ

anticorruprion.gov.kz

Баспасөз-хабарлама

Баспасөз-хабарлама 

2017 жылдың 2 қазаныңда Атбасар ауданы әкімдігінің отырыс залында Ақмола облысы дін істері басқармасының бас маманы Г.В.Бессмертная Атбасар ауданы әкімінің м.а. Қ.К. Игибаевтың қатысуымен «Таза қала» ҚБ кезекті отырысына қатысып, «Облыстағы діни жағдайлар туралы. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы туралы. Діни қатынастар саласындағы мемлекеттік қызметтер туралы» тақырыбында сөз сөйледі.  

Отырысқа мемлекеттік органдардың басшылары, аудан мәслихатының депутаттары, діни бірлестіктердің өкілдері, қалалардың және аудандардың коммуналдық қызмет басшылары, мектеп директорлары, күш құрылымдарының басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Өз баяндамасында Қауіпсіздік кеңесінің отырысында берілген Республика Президентінің тапсырмасын орындау үшін Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірлегендігін айтып өтті.

Заң жобасын қабылдау мемлекеттік-конфессионалдық қатынастарға, діни қызметтің осы немесе басқа субъектілерінің құқықтары мен міндеттеріне, сонымен қатар оны қосымша реттеуге қатысты діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұдан әрі жетілдіруге бағытталды.   

Аталған жоба келесі нормативтік құқықтық актілерге өзгертулер және/немесе толықтырулар енгізуді көздейді: Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы», «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстері, Қылмыстық кодекс, Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»,  «Жарнама туралы», «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы», «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы», «Мәдениет туралы», «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы», «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдары.

Сонымен қатар дін істері басқармасы көрсететін дін қызметі саласындағы «Миссионерлік кызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеуді жүргізу»; «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру»; «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттік қызметтер туралы айтып берді.

         Іс-шараға 140-тан астам адам қатысты.