Ресми интернет-ресурсы
«Ақмола облысының
дін істері басқармасы»
Мемлекеттік мекемеcі

Басшы блогы
e-islam.kz

;«ГОРЯЧАЯ

anticorruprion.gov.kz

ПРЕСС-РЕЛИЗ заседания собрания руководителей религиозных объединений «Ынтымак»

«Ынтымақ» діни бірлестік басшылары жиынының

БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ

 

  2017 жылғы 21 желтоқсанда Ақмола облысының дін істері басқармасы «Менің Отаным Тәуелсіз Қазақстан!» тақырыбына «Ынтымақ» діни бірлестік басшылары жиынының кеңейтілген отырысын өткізді.

Жиын отырысына басқарма мамандары, діни бірлестіктердің басшылары және АНК қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері қатысты.

Келесі мәселелер қаралды:

  1. Төл мереке Қазақстан Републикасының Тәуелсіздігі күні мерекесінің рөлі туралы.
  2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасы туралы», «Дін істері басқармасы көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарына енгізілген өзгерістер туралы».

          Басқарманың басшысы Б.Касенов барлығын Тәуелсіздігіміздің 26-жылдығымен құттықтады. Төл мереке Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесінің рөлі туралы айтып берді.

         Әсіресе, ол «Тәуелсіздік күнінің – барша қазақстандықтар үшін басты мейрам екенін, біздің мемлекеттіміздің еркіндігі мен тәуелсіздігінің символы деп есептелетіндігін атап өтті. Қазақстан мемлекеттік құрылымның сапалы жаңа кезеңіне көшті, оған ауысу Елбасы ұсынған Бес институционалдық реформамен айқындалды.

         Басқарманың бас маманы Г.Бессмертная «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасы туралы айтып берді. Өз баяндамасында заң жобасын қабылдау бұдан әрі мемлекеттік-конфессионалдық қатынастарға, діни қызметтің осы немесе басқа да субъектілерінің құқықтары мен міндеттеріне, сонымен қатар оны қосымша реттеуге қатысты діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталғандығы туралы ақпаратты жеткізді. Заң жобасында бірқатар түсініктердің анықтамалары нақтыланған, осылайша терминдерді нақтылау оларды бірізді талқылауды және құқық қолдану тәжірибесінде қолданылуды қамтамасыз етеді.

         Сонымен қатар, басқарма көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарына енгізілген өзгерістер туралы ақпарат жеткізді: «Миссионерлік кызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеуді жүргізу»; «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру»; «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру».

Көкшетау қ. діни бірлестіктерінің басшылары және Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері заң жобасын және мемлекеттік қызметтер стандарттарын талқылауға белсенді қатысты.