Ресми интернет-ресурсы
«Ақмола облысының
дін істері басқармасы»
Мемлекеттік мекемеcі

Басшы блогы
e-islam.kz

;«ГОРЯЧАЯ

anticorruprion.gov.kz


17.10.2017

Діни бірлестіктердің өкілдерімен футзал бойынша жарыс 

    Ағымдағы жылдың 14 қазанында, Рухани келісім күнін атап өту шеңберінде, Ақмола облысының дін істері басқармасы жанындағы «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ (бұдан әрі КҚТДО КММ) діни бірлестіктердің өкілдерімен «Экстремизмсіз - бірлік рухында» ұранымен футзалдан (шағын футбол) жарыс өткізді.

    Жарысқа Көкшетау қ. «Жақия қажы» және «Ғалым», Красный яр а. «Шойынбек Абілкәрімұлы» мешіттері, Көкшетау қ. «Эль-Шаддай» христиан елулік Құдай шіркеуі және КҚТДО КММ командаларыры қатысты.

   Ойын қорытындысы бойынша келесі орындар берілді:

бірінші - «Шойынбек Абілкәрімұлы» мешіті;

екінші - «Эль-Шаддай» христиан елулік Құдай шіркеуі;

үшінші - КҚТДО КММ.

Толығырақ
17.10.2017

Көкшетау қ. Ж.Мусин атындағы  қазақ педагогика колледжінің студенттері  арасында зияткерлік ойын

   Ағымдағы жылдың 13 қазанында, Рухани келісім күніне арналған Ақмола облысының дін істері басқармасы жанындағы «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ (бұдан әрі КҚТДО КММ) іс-шаралар жоспары шеңберінде, Көкшетау қ. Ж.Мусин атындағы қазақ педагогика колледжінің 1 курс студенттері арасында «Тарих және дәстүр»  зияткерлік ойын өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының зайырлы қағидаларын, ел этностарының дәстүрлі мәдениетін  түсіндіру, жастардың патриоттық санасын арттыру.

6 кезеңнен тұратын ойынға 3 команда қатысты. Соңында «Парасат» командасы зияткерлік жарыстың жеңімпазы атанды.

Толығырақ
07.06.2017

Құрметті дін қайраткерлері!

Құрметті форум қатысушылары мен қонақтары!

Ең алдымен, елордамыз Астанада өтіп жатқан ІІ Имамдар форумына қатысушыларға өз ризашылығымды білдіруге рұқсат етіңіздер.

Бұл өте маңызды кездесу деп ойлаймын. 

Толығырақ
23.05.2017

ӨНІМДІ ЕҢБЕК – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ

 

«Адал еңбекпен мал іздемек – ол арлы адамның ісі» деп дана Абай айтқандай расында да, адамзат пайда болғаннан бері өзінің қажеттілігін тек еңбек арқылы қамтамасыз етіп келеді. Еңбек адамды адалдық, табандылық, жауапкершілік сияқты қасиеттерге баулып игілікке жеткізеді. Осындай адамзат дамуының игілігіне қатысты Елбасымыз баршаға өзінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңартылуы: Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламасын жария етті. Бұл бағдарлама қазақстандықтарға жаңа серпін, жаңа үміт сыйлағаны анық.

Толығырақ
08.10.2017

Семейное воспитание как фактор профилактики религиозного экстремизма  и терроризма

Руководитель консультативно-

реабилитационного отдела

КГУ ЦАРМО

Ю.Трофимова

 

   Традиционно главным институтом воспитания является семья. То, что ребенок в детские годы приобретает в семье, он сохраняет в течение всей последующей жизни. Важность семьи как института воспитания обусловлена тем, что в ней ребенок находится в течение значительной части своей жизни, и по длительности своего воздействия на личность ни один из институтов воспитания не может сравниться с семьей.                                                

Толығырақ
11.07.2017

Діни білімді елде алған дұрыс
(aikyn.kz)

 Қазақстандағы этносаралық және конфессияаралық келісім бүгінгі таңда әлемдік деңгейде мойындалған конфессияаралық қатынастың бірегей үлгісіне айналып отыр.

Қазақстан Үкіметі конфессияаралық келісімді кемелдендіре түсу бағытында байыпты қадамдар жасап келеді. Солардың бірі – 2016 жылы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің құрылуы. Аталмыш министрлік елде конфессияаралық келісімді дамыту, азаматтық қоғамды өркендету мен жастар саясатын кемелдендіру мақсатында кешенді жұмыстар жүргізуде.

Толығырақ

ФОТОГАЛЕРЕЯ (Мұрағат)

Бейнемұрағат